Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ерлан Серікжанов дзюдодан әлемдік рейтингте 20 сатыға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталған соң, Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлан Серікжанов дзюдодан әлемдік рейтингте 20 сатыға жоғарылады

Қазақ спортшыларының арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен 66 келідегі Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы сатыға көтерілді. 

Осы салмақтағы Елдос Жұмақанов 7-ден 9-шы орынға сырғыды.

60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алтыншы, Елдос Сметов 15-ші орында. 

73 келідегі Жансай Смағұлов 9-шы, 81 келідегі Дидар Хамза 33-ші, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг 5-ші сатыда. 

Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. 

Фото: olympic.kz