01:10, 23 Қыркүйек 2016 | GMT +6
Ерлан Ыдырысов Обама және оның зайыбымен суретке түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ президенті Барак Обама және оның зайыбы Мишельмен бірге суретке түсті.
Фото Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Еске сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71 сессиясына қатысып жатыр.