Ерлеген Мендалиев Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне басшысы болды

None
Фото: Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы қызметіне Ерлеген Мендалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы 1972 жылы 3 желтоқсанда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Балықшы ауданында дүниеге келген.

Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Мемлекеттік тергеу комитеті Ақтау қаласы бойынша тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған.

1997-2005 жылдар аралығында Ақтау қалалық ішкі істер басқармасында еңбек етті.

2005-2023 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, департаментінде бөлім бастығы, басқарма және департамент басшысының орынбасары, Тәртіптік кеңес, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болған.

Сурет: Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті


Соңғы жаңалықтар