Ерлер арасындағы эстафета жарысында қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар Азия чемпиондары атанды

АТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ақ Азиада аясында Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында шаңғымен бағдарлаудан ерлер арасындағы эстафета жарысында ел намысын Александр Бабенко, Аслан Тоқбаев және Михаил Сорокин қорғады.
None
None

Олар мәре сызығын 56:12 секундта бірінші болып кесіп өтті. Жеңімпаздардан 6:20 секундқа кешіккен ирандықтар (Bijan Kangarloo, Yasin Shemshaki, Seyed Sattar Seyd) 7-қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал Моңғолия құрамасы (Gerelt-Od Bayaraa, Byambadorj Bold, Barkhuu Erdenechimeg) 1:27:13 секундтық уақыт көрсеткішімен қола жүлдені олжалады. 4-5 орынды Қырғызстан (Игорь Гусев, Андрей Савиних, Тамерлан Жұмабеков) мен оңтүстік кореялықтар (Younsun Son, Koangmin Jang , Byungsik Hong) бөлісті.

Бұған дейін ҚР Шаңғымен бағдарлау федерациясының президенті Владимир Тельнов: «мақсатымыз айқын - тек алтын алу. Командамыздың басты қарсыласы - спортшыларымыздың өзі. Соңғы нүктелерге табысты жету тек соларға байланысты. Жалпы, құрамамыздың көңіл-күй тамаша, Азиадада алты рет жеңімпаз атандық, біздің шаңғы бағдарлау спортында әлі барлық алтынды ұтып алуға толық мүмкіндігіміз бар», деген болатын. Спортшылар сенімді ақтады. Олардың жеңісті жолын одан ары жалғастырған әйелдер командасы да Азия чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар