Ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогында алматылық баскетболшылар алғашқы жеңілістің дәмін татты
АЛМАТЫ. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасында Қазақстан кубогы жарысындағы 4-кездесулер өтті.
Онда астаналықтар өздерінің жерлестерін («КАТУ жолбарыстары») 81:32 есебімен ұтса, алматылықтар қостанайлықтарға («Тобыл») 83:59 есебімен есе жіберді. Бұл «Астана» мен «Тобылдың» екінші жеңісі, ал «Алматының» бірінші, «КАТУ жолбарыстарының» үшінші жеңілісі болды. Бүгін жеңіліссіз келе жатқан екі команда өзара шеберлік байқасады. Сондай-ақ бұған дейін астаналықтарға 69:110 есебімен есе жіберген атыраулықтар («Барыстар») енді алматылықтармен күш сынасатын болады.