Ерлер командасы арасында Азияның клубтық чемпионаты Дубайда өтеді
АЛМАТЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат – Дубайда ағымдағы жылғы маусымның 17-сі мен 24-і аралығында ерлер командасы арасында Азияның клубтық чемпионаты өтеді.
Бұл жарысқа біздің елдің атынан ҚР XVII чемпионатының жеңімпазы - «Алматы» клубы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық Волейбол федерациясына сілтеме жасап. Жарысқа Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Қазақстан, Жапония, Куәйт, Бахрейн, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ауғанстан, Ливан, Катар, Индонезия, Тайланд және Мальдив командалары қатысады. Жарыстың алғашқы күнінде «Алматы» волейбол клубы тайландтықтардан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.