Ерлер құрамасының ізінше самбодан қос бірдей Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемпионатында бірінші орынды иеленді
ТАШКЕНТ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – «Жар» спорт кешенін қазақстандық самбошылар үшін жолы болғыш деп айтуға болады.
Егер өткен жылы Азия чемпионатында дәстүрлі күшті Өзбекстан командасына командалық сайыста есе жіберіп алса, бұл жолы, 2007 жылдағы сияқты «Жар» спорт кешенінде біздің боз кілем үстіндегі балуандарымызға шақ келетін ешкім болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР ерлер құрамасының ізінше жастар командасы (1989-1990 жылдары туған қыздар мен бозбалалар) Азиядағы үздік атанды. Командалық біріншілікте олар қарсыластарынан қара үзіп, алға шықты: самбошыларымыз төрт алтын медалды жеңіп алды, бес самбошы қызымыз ? жүлделі екінші және үшінші орындарды иеленіп, медальдарға ие болды. Командалық сайыста екінші орында Өзбекстанның жастар құрамасы, үшінші орынды ? Тәжікстанның (бозбалалар) және Ресейдің (қыздар) жастар командалары иеленді.