Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірген қостанайлық сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Екі зейнеткерді пышақтап өлтірген Қарасу ауданының тұрғыны 23 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірген қостанайлық сотталды

Іс материалдарында көрсетілгендей, қайғылы оқиға 2018 жылғы наурыз айында болған.

«Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны алкоголь сатып алуға ақшасы болмай, ішімдік сататын үйдегі ерлі-зайыпты зейнеткерге пышақпен қарақшылық шабуыл жасайды. Ауыр дене жарақаты салдарынан, зейнеткерлер оқиға орнында көз жұмды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімімен ер адам кінәлі деп танылды. Оған 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.