Ерлі-зайыптылар баласының артық салмағы үшін қамалды
Атап айтқанда, баланың бойы 154 сантиметр, ал салмағы 105 келіден асады екен. Ағылшындардың заңнамасында бұндай жағдай балаға қатыгездікпен қарағанмен теңестіріледі. Осы орайда ерлі-зайыптылар қылмыскерлер ретінде айыпталуы мүмкін.
Алайда, баланың ата-анасы ұлдарының денсаулығын ұдайы бақылап отыратынын, сондай-ақ жеткіншектің артық салмағы гендік қалыптасуына байланысты екенін алға тартуда.
«Балам әрқашан да ірі денелі болды және туғанда да осындай салмақты болды. Менің туыстарымның барлығы толық денелі. Қанша тырысқанымызбен, артық салмағымызды түсіруге қауқарсызбыз»,-дейді әкесі.
Ұлыбритания халқының денсаулығы бойынша комиссияның мәліметіне қарағанда, 2013 жылы корольдіктегі 2-ден 15 жасқа дейінгі балалардың 28 пайызында артық салмақ байқалған, деп жазады Росбалт.