Ерлі-зайыптылар сүйікті итін өлімге қимай, клонын жасатты
Оған ақшаны да аямады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Иттің аты - Энтони. Ол 17 жасқа келіп өлді. Зертхана мамандары одан алынған генетикалық материалдың негізінде клон-көшірмені жасап шығарды. Эквадорлық Comercio порталының хабарлауынша, сүйікті итінің клонын жасау үшін Буэнос-Айрестің тұрғындары 60-100 мың АҚШ долларын төледі.
Клондалған ит ағымдағы жылы шілде айында жасап шығарылды. Алайда ғалымдар клондау жұмыстарының сәтті өткенін бүгін ғана жариялап отыр. Себебі иттің көшірмесін жасау процедурасы бірнеше мемлекетте жасалған.
Айта кетейік, жануарлардың клондау тәжірибесі алғаш рет 1996 жылы іске асқан болатын. Сол кезде Долли атты ешкіні клондап шығарды. Ал 2005 жылы Оңтүстік Кореяда алғаш рет Снуппи атты ит клондалды.