00:00, 20 Сәуір 2026 | GMT +5
Ерлік Сертай — семсерлесуден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден сапы сайысы бойынша Гран-при турнирінде қазақстандық Ерлік Сертай күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ақтық сында отандасымыз жарыс қожайыны, мажарстандық Давид Надьмен кездесіп, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, беделді додаға 49 елден 352 ер және 282 әйел спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста толық құраммен өнер көрсетіп жатыр. Бас бапкер — Алексей Писцов.
Ерлер құрамында:
- Эльмир Әлімжанов,
- Вадим Шарлаимов,
- Кирилл Проходов,
- Ерлік Сертай,
- Кирилл Павлов,
- Александр Федотов
- және Никита Жулинский бақ сынауда.
Осыған дейін Бразилиядағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болғанын жазғанбыз.