Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды  Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: gov.kz

Ол 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші, бас маманы, инспекторы, бөлім бастығы болды. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімінің орынбасары, Талдықорған әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары болды.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар