Ермек Аманшаев Мәскеуде жарық көрген кітабының тұсауын кесті

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін 50-ге толған драматург, жазушы, сценарист, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев Мәскеу қаласында жарық көрген «В поисках мифа» кітабының тұсаукесерін өткізді. Алғысөзін ресейлік жазушы Анатолий Ким жазған бұл кітап «Художественная литература» баспасынан жарық көріп отыр. Оның қазақша нұсқасы «Аңызды аңсау» деген атпен Астана қаласының «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген болатын. Оған Ермек Әмірханұлының новеллалары, әңгімелері, эсселері мен драматургиялық шығармалары енген.
None
None

«Мен Ермектің «Сұлтан болсам егер мен» пьесасын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында және Шымкент қаласының театрында қойдым. Оның пьесалары М. Әуезов театрында қойылып жатқан пьесалардың алды деп есептеймін. Бұл кітабы оқырмандарға көп ой салатын ғылыми еңбек», - дейді КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов. Ал әйгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков: «қазір кітаптың құны кеткен заман. Жазушы да, жазылып жатқан кітап та көп. Алайда, сын жоқ. Оқырмандар адасып жүр. Ермектің кітабын оң бағыттағы кітап деп санауға болады», дейді.

Соңғы жаңалықтар