Ермек Бейсеуов Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ермек Беркімбайұлы Бейсеуов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Ермек Бейсеуов
Фото: ҚР Үкіметі

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi» Республикалық мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттік материалдық резерв саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомство.