Ермек Қизатов «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ермек Қизатов тағайындалды
Қизатов Ермек Әнуарбекұлы 1961 жылы 6 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.
Ол Алматы темір жол инженерлер институтын темір жол құрылысы және темір жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы.
Е. Қизатов еңбек жолын Целинный темір жолындағы Новоишим стансасының маманы қызметінен бастаған. Целинный темір жолы, «Қазақстан темір жолы» РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.
2008-ші жылдың сәуір айынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті қызметін атқарды.
«Құрмет» орденінің иегері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының және темір жол саласының Құрмет грамоталарын алған, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.