Ермек Маржықпаев: Азиаданың қорытындысына баға беру қиын

Маржықпаев
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Үкімет отырысының алдында БАҚ өкілдерінің сұрағын жауап берген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиаданың қорытындысына баға беру қиын екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл жыл соңына дейін, келер жылы шілде айына дейін барынша көп лицензия алуға талпынамыз. Кім кінәлі екенін айту қиын. Содан кейін барып қорытынды шығарамыз. Қазір айту қиын. Қазір бастысы, спортшыларды дайындау керек. Өйткені, жаңа дайындық кезеңі басталды. Азиададан кейін бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындала бастаймыз», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Азия ойындарында медаль саны бойынша 11-орында қалған еді

Ел спортшылары байрақты бәсекеде 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) иеленген.

Соңғы жаңалықтар