Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы әкімінің жұмысын сынға алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласын дамыту мәслелері бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев баяндамасында атап өткендей, «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Краснояр кентінде 25 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген 869 миллион теңге қаржының 281 миллион теңгесі иегерілді. Сонымен бірге, асфальт төсендісінде анықталған ақауды жою бойынша 5 шақырымында жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бөлінген қаржының қалғанын қазан айында игеру жоспарланған.

Бүгінгі таңда облыста 7429 жұмыс орны ашылған, оның 3945-сі еңбекпен қамту орталықтары арқылы. Бұл жылдық жоспардың 70,1 пайызы. Осы ретте, Көкшетау қаласында жұмыс орнын ашу бойынша бірқатар олқыл бар. Сонымен бірге, облыс орталығында 188 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін үш жобаны жүзеге асыру жұмыстары әлі басталған жоқ.

Аймақ басшысы қала әкімнің жұмысын сынға алып, Краснояр кентіндегі жолдарды жөндеуге бөлінген қаржыны толық игеруді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020-2021» шеңберінде жұмыс орындарын ашу жоспарын орындауды тапсырды.

Бұдан бөлек, жұмыс берушілер жұмысшылармен жеке келісімшартын «Жұмыс орындарын ашу картасы» базасына енгізуді 100 пайыз қамтамасыз ету арқылы үш жоспарды жүзеге асыру бойынша шара қолданылды.

Жиында айтылғандай, Әуезов және Ақан сері көшелерінің аралығында Ғабдуллин көшесінің бойындағы жылу құбырларын қалпына келтіру жұмыстары кестеден қалып отыр. Бұға қоса ТМ-2 жылу магистралының құрылысы да материалдардың кеш жеткізілуіне байланысты кешеуілдетуде.


Соңғы жаңалықтар
telegram