Ермек Маржықпаев жол апатынан көз жұмған жүргізушінің отбасымен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі жол апатынан көз жұмған адамның отбасымен кездесті. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әлеуметтік желідегі менің аккаунтымда «Көкшетау-Щучье» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы пікір қалдырылған болатын. Жол оқиғасы салдарынан 1992 жылғы жерлесіміз қаза тапты. Мерт болған жерлесіміздің отбасымен кездесіп, көңіл айттым. Сондай-ақ, кездесуге Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Полиция департаментіне істі жеке бақылауға алуды тапсырдым», - деп жазды аймақ басшысы.

Айта кетейік, Ақмола облыстық ПД мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы өткен жылы желтоқсанның 20-да «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тас жолының 282 шақырымында DAF, Mitsubishi және Nissan qashai көліктері соқтығысқан болатын. Жол апатынан Митсубиси көлігінің жүргізушісі Ақмола облыстық көпбейінді аурханасында көз жұмды. Осыған байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған еді.




Соңғы жаңалықтар