Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романы қазақ тілінде жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жазушы, кинорежиссер және сценарист Ермек Тұрсыновтың "Мәмлүк" романы қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы аударманың авторы, журналист Серік Әбікен Facebook-тегі парақшасында айтты.
null 

«Бұл шығарма осыған дейін араб, орыс тілдерінде басылып еді. Қазақша аудармасын кезінде Герольд Бельгер оқып, "Жас Алаш" газетінде мақтаған болатын. 11 жыл дегенде қаржылай қолдау табылып,  жарық көрді», - делінген жазбада.

Журналистің айтуынша, "Мәмлүк" романы Бейбарыс сұлтанның өмірін жан-жақты сипаттап қана қоймайды, ол - Тұрсыновтың араб елдерін аралап, там-тұмдап жиған деректерінің, діни философия, көне жазбалардың қазынасы. Онда тек Сұлтан тағдыры туралы емес, тұтас адамзат жаратылысы жөнінде мәлімет алуға болады.

Аталған кітап жақын күндері сатылымға шығады.

Соңғы жаңалықтар
telegram