Эрмитаждағы мумияларға алғаш рет томография жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Эрмитаж жинақтамасындағы ежелгі мумиялардың нақты жасын және өлім себебін анықтау мақсатында алғаш рет рентгендік компьютерлік томография жасалды. Бұл туралы мұражайдың сайтында жарияланған хабарламада жазылған, деп хабарлайды Лента.ру.
1949 жылы Таулы Алтайда зерттелген бесінші Пазырақ қорғанында біздің заманымызға дейінгі III ғасырда табылған екі мумия зерттеу нысанына айналды. Антропологтардың болжамына сүйенсек, жасы 55-60 шамасындағы көсем болған ер кісі мен онымен бірге жерленген 45-50 жастағы әйел кісінің мүрдесі томографияға түсірілді.
16 түрлі режимде өткен зерттеу нәтижесінде бірнеше мыңдаған суреттер алынды. Атап өтілгендей, бұл Пазырақ қорғанындағы адамдардың өмір салтын анықтауға мүмкіндік береді. Сканерлеудің мақсаты - адамдардың не себепті қайтыс болғанын және ауруларын анықтауға, сонымен қатар олардың сырт бейнесі мен мумификация тәсілдерін үйренуге жол ашады.
Пазырақ мәдениеті - Таулы Алтай өлкесін темір дәуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мәдениеті. Бұл мәдениеттің адамдары негізінен Қазақстан, Алтай Республикасы мен Моңғолия аумағында мекендеген.