Эрмитаждың ғылыми кітапханасының қызметкері XVIII ғасырдың нақыштарын ұрлағаны үшін ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эрмитаждың ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің бірі XVIII ғасырдың нақыштарын ұрлауға күдіктеліп ұсталды, деп хабарлады Росбалт.
Петербург және Ленинград облысы бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметінен хабарланғандай, Эрмитаждың ғылыми кітапханасының қызметкерлері қаңтар айында қорлардың жай-күйін комиссиялық тексеру барысында бірқатар XVIII ғасырға жататын нақыштар жоғалғаны анықталды.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, РФ ҚК 4-бөлімі 4-бабы бойынша («аса ірі мөлшердегі ұрлық») қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасауға күдіктелген ғылыми кітапхана қызметкерлерінің бірі ұсталды.
Оның және жақын танысының тұрғылықты жерін тінту барысында, сондай-ақ Петербургтің бірқатар антикварлық дүкендерінен Мемлекеттік Эрмитаждан ұрланған көптеген нақыштар, литографиялар, фотосуреттер, сондай-ақ XVII-XIX ғасырларға жататын ескі кітаптар табылды.