Футболдан Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы спорт журналисі Kommentator_Maulen телеграм арнасында хабарлады.

Ермұхамед Мәулен ҚФФ-да ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келеді. Танымал спорт комментаторы 2014 жылы Бразилияда өткен мундиальда қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет оқиға орнынан трансляция жүргізді.
2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы «Qazsport» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.
2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды.
2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлан Қонысбаевтың «Тараз» КФК спорттық директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.