Ермұхамет Ертісбаев: Партиямызда сатқындар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияға үнемі шабуыл жасалатынын және сатқындар пайда болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Қазір жеке басымда және партиямызда көптеген жаулар бар. Біздің партияға үнемі шабуыл жасалады, мен де басты назардамын. Сатқындар бар, опасыз деген де сөз бар. Олар біздің партиядан шығып, басқа партияның атынан тағы да Парламентке енгісі келеді. Бұл масқара. Біздің партияға шабуыл жасалуда. Маған екі рет ескерту жасалды, қазір риторикаға түссем, біздің партиямызды сайлаудан алып тастауы мүмкін», - деді Е. Ертісбаев Орталық сайлау комиссиясында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Мәжіліс сайлауына кандидаттар құжаттарын тапсырды.

30 қаңтарда Қазақстан халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде кандидаттар тізімі бекітілген еді. Партиялық тізімде алты ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың орташа жасы 50 жас. Сонымен қатар тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедек жандардвң үлесі 32,6 пайызды құрайды.




Соңғы жаңалықтар