Ермұрат Бапи ЭКСПО ісін қайта көтеруді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі бойынша сотталғандардың мәселесін қайта қарап, жемқорлық фактілеріне шынайы кінәлілерді анықтауды сұрады. 

Ермұрат Бапи ЭКСПО ісін қайта көтеруді ұсынды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Депутат Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары болып жүріп сотталған Мұрат Омаровтың әлеуметтік желідегі сұхбатында айтылған мәліметтердің негізінде істі қайта көтеру керектігін айтады. 

— Әділет ешқашан жартыкеш болмайды. «Әділетті Қазақстан» идеясын қалыптастыру үшін ақиқатты анықтайтын кез келді. Бұл сияқты «пара беру» және «жемқорлық» желеуімен қудаланған тұлғалардың қатарында — арғысы Әкежан Қажыгелдин мен Ғалымжан Жақияновтан бастап, бергісі — Серік Ахметов пен Жақсылық Досқалиевқа дейін бірқатар қиянатты іс бар. Бас прокуратура бұларды да толық реаблитация жасауға бастама жасайтын уақыт болды деп есептеймін, - деді Ермұрат Бапи.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің Энергетика министрлігін аукционнан тыс тікелей үкіметаралық келісімдер жасауға әуестеніп кетті деп сынағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар