Ернар Лазар Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ернар Лазар 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, халықаралық қатынастар магистрі.

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде бастаған.

2007-2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

2011- 2013 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы;

2013-2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы екінші, бірінші хатшысы;

2017-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 қаңтар айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саяси және халықаралық байланыстар бөлімінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2023 жылы 11 шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Екінші дәрежелі кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Соңғы жаңалықтар