20:36, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
Ернар Шымбаев бильярд спорты бойынша Әлем Кубогының Бірінші кезеңінің күміс жүлдегері атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында бильярд спорты бойынша Әлем кубогының Бірінші кезеңі өтті. Онда Қазақстандық Ернар Шымбаев екінші орын алды. Жарысқа әлемнің 10 елінен 136 спортшы қатысты, деп хабарлайды Республикалық бильярд федерациясының баспасөз қызметі.
Жарыс қорытындысы бойынша Александр Сидоров (Өзбекстан) бірінші орынды иемденді. Екінші орында - Ернар Шымбаев (Қазақстан). Ал Сергей Крыжановский (Молдова) мен Дмитрий Белозеров (Украина) үшінші орынды місе тұтты.
Бұл жарыста Қазақстан құрама командасы құрамында айтулы спорт шеберлері қатысты. Олар: Әлем чемпиондары Әлихан Каранеев пен Ернар Шымбаев; Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Дәурен Орынбаев; Қазақстан біріншілігінің 2013 жылғы үздік чемпионы Паксим Пан және Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Арби Муциев.