Ернар Сұлтанғалиев БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары болды

ОРАЛ. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сәйкес полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиев Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

тағайындау
Фото: policebqo/ instagram.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жаңа лауазымына дейін Ернар Сұлтанғалиев осы департаментте жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болған.

Ернар Сұлтанғалиев ішкі істер органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы салада бірнеше басшылық қызметті атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО полиция департаментінің кадрлық құрамында өзгерістер болғанын жазған едік. 

Сонымен қатар, бүгін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар