Ернұр Сүлеймен – ашыртмалы аба гюрешинен күміс жүлдегері

АСТАНА. KAZINFORM – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ашыртмалы аба гюрешинен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен күміс жүлдені ұтып алды.

жүлде
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

Ол финалда қырғызстандық спортшы Роман Сапаровқа есе жіберді.

Айта кетейік, ашыртмалы аба гюреши – түрік халқының ұлттық ойыны. Қазақстандық 5 балуан іріктеу кезеңіне қатысып, оның 3-еуі финалға өтті. Олар:

Ернұр Сүлеймен – 60 келі салмақ дәрежесі;

Әділет Ахметғали – 70 келі салмақ дәрежесі;

Айдос Ғалымов – 90 келі салмақ дәрежесі.

Еске сала кетсек, V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының «ашыртмалы аба гюрешине» 19 мемлекеттен 74 спортшы бағын сынап жатыр.

Бүгін Қазақстан көкпардан Көшпенділер ойынының чемпионы болды. 

Бүгін, 12 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушы спортшылар 7 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.