Ернұр Сүлеймен қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанды. 

Ернұр Сүлеймен қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спорт комитеті

— VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді, — делінген Спорт комитеті хабарламасында.

Айта кетелік әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жарқын жеңістермен, жаңа рекордтармен толыға түсті. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған еді.