Ерте диагностикалау арқылы туа біткен кемістіктен болатын балалар мүгедектігі 7,5%-ға төмендеген

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет профилактикалық медицина мен ерте диагностиканы дамытуға ерекше назар аударады, бұл балалардың мүгедектігін азайтуға және жаңа туған нәрестелердің аман қалу көрсеткішін арттыруға ықпал етеді.

Ерте диагностикалау нәтижесінде туа біткен кемістіктен болатын балалар мүгедектігін 7,5%-ға төмендеген
Фото: pixabay

Елімізде ауытқуларды ерте анықтау үшін тиімді инфрақұрылым қалыптастырылды – бір күндік клиникалар, ұрықты қорғау орталықтары ашылды. Балаларға туғаннан бастап скринингтің төрт түрі жүргізіледі: неонатальды, аудиологиялық, психофизикалық және офтальмологиялық. Бұл жұмыс нәтижесін берді – туа біткен ақаулары бар балалар арасындағы бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді, ал жаңа туғандардың өмір сүру деңгейі 88%-дан 93%-ға дейін артты. 

Балаларға көрсетілетін көмекті жақсарту үшін әрбір АМСК ұйымында педиатриялық бөлімдер ұйымдастырылуда. ЮНИСЕФ қолдауымен емханаларда Балаларды дамыту және ерте араласу орталықтары ашылып жатыр. Бүгінде осындай 100 орталық жұмыс істейді, онда дамуында қиындықтары бар балалар кешенді көмек алады. Балалар арасында аутизм диагнозы қойылғандар санының көбеюіне байланысты олардың реабилитациясына арналған төсек-орын саны 4 есеге артты.

Аналарды қолдау үшін алғаш рет әйелдердің репродуктивтік денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар шалғай ауылдардағы әйелдер үшін жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала госпитализациялауға арналған «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум