Ерте ме, кеш пе, қоғам түгелдей электронды қызмет түрiне көшедi - МАСО президентi

"Әдетте, ақпараттық-коммуникация технологиялары саясаткерлер тарапынан қызығушылық таппайды. Алайда, Қазақстанда Президенттен бастап, министрлер де осы саланың дамуына көңiл бөледi және қыруар инвестиция аударады. Сондықтан, бұл елде жаңа электронды жүйелердiң дамуы сәттi өтетiнi анық. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан АКТ саласында бiраз жетiстiктерге қол жеткiздi. Оның бiр себебi - Қазақстанның әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы технологиялық жаңалықтары халықтың ыңғайына бейiмделген", - дейдi ол.
Оның айтуынша, Қазақстан электронды үкiметтi дамытып жатқанымен, халық әлi де адами факторға көп жүгiнедi.
"Қазақстан электронды үкiметтi дамытып жатқанына қарамастан, адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ұсынатын қызметiне көп жүгiнедi. ХҚКО ұсынатын қызметтiң кейбiрiн интернет арқылы алуға болса да, халық адами факторға, яғни, ХҚКО қызметкерiне барып, уақытын кетiредi. Алайда, ерте ме, кеш пе, қоғам түгелдей электронды қызмет түрiне көшедi. Қаласақ та, қаламасақ та, әлем электронды режимдi "қосып" жатыр", - дейдi ол.
Айта кетейiк, МАСО-ға бүгiнде 150 ел мүше.