22:14, 05 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ертең 2022 жылғы Олимпиадалық ойындарға үміткер Бейжің мен Алматының таныстырылымы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің (Қытай) мен Алматы (Қазақстан) ертең Халықаралық олимпиадалық комитеттің (ХОК) штаб-пәтерінде 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру үшін үміткер ретінде өздерінің таныстырылымын өткізеді, деп хабарлады sports.kz.
Бейжің мен Алматы басқа үміткер қалалар - Стокгольм (Швеция), Краков (Польша), Львов (Украина) және Осло (Норвегия) додадан шығып қалғаннан кейін Олимпиада өткізу құқығын жеңіп алу үшін екеуі ғана бәсекеге түседі.
ХОК 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардың қайта өтетіні жөніндегі шешімді осы жылғы 31 шілдеде Куала-Лумпур қаласында қабылдайтын болады.