Ертең 3D пішіндегі қазақстандық алғашқы фильмнің прокаттық көрсетілімі басталады

«Арғы күні «А-ға» оралу» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталады. Ондағы басты мақсатымыз - кинотуындының өзге шет елдердерде көрсетілуіне қажетті қаражатты жинау», - дейді фильмнің продюсері Арман Есенов. Қоюшы-режиссер Егор Михалков-Кончаловскийдің сөзіне қарағанда, кино - өнім. Оны бизнеске айналдыру үшін сату керек. Бұл біршама уақытты керек етеді. Мәселен, кейбір фильмдерді сатуға оның бюджетінің жартысы жұмсалады. Онсыз шыққан шығынды ақтау қиын. 3D пішінінде түсірілген алғашқы қазақстандық бұл фильмді түсіруге де қомақты қаржы жұмсалған. Өндірісшілер оның көлемін қазір құпия ұстап отыр. Енді шығынды қайтару үшін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаев пен «Бәйтерек-фильм» продюсерлік орталығының басшысы Арман Асенов прокатты жылжыту үшін біршама қаржы жұмсауды көздеуде.
«А»-ға оралу» барлық адамға бірдей ұнамауы мүмкін, бірақ көпшіліктің көңілінен шығатына сенімім мол. Бұған дейін ол Астана мен Мәскеуде өткен халықаралық кинофестивалдерде көрсетілді. Оны сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. Біз бұл фильмнің 2 және 3 D пішіндегі үлгілерін жасадық. Астана мен Мәскеудегі фестивалдерде ол 3D пішінінде көрсетілген еді. Алматыдағы Еуразия кинофестивалі кезінде енді көрермен енді әдеттегі 2D пішіндегі нұсқасын тамашалайтын болады», - дейді Е. Кончаловский.
Драма жанрында бұл туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша «Бәйтерек-фильм» продюсерлік орталығы мен «PS TVC студиясы бірлесіп түсірді. Ұзақтығы - 116 минут. Онда басты кейіпкерлерді Сейдулла Молдаханов, Берік Айтжанов, Денис Никифиров, Қарлығаш Мұхамеджанова, Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Арман Асенов, Фархад Абдраимов сияқты актерлар сомдады. Фильмнің сценаристері Владимир Моисеенко мен Александр Новатоцкий-Власов. Қоюшы-операторы - Антон Антонов, ал композиторы - Виктор Сологуб.