Ертең 7-ші Қысқы Азиаданың әнұраны белгілі болады

АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең 2011 жылғы 7-нші Қысқы Азия ойындары ресми әнұранына жарияланған ашық байқау жеңімпаздарының есімдері белгілі болады. Бұл туралы ертең Қазақстан баспасөз клубында өтетін баспасөз мәслихатында мәлім етіледі.

Ертең 7-ші Қысқы Азиаданың әнұраны белгілі болады

Айта кетейік, аталмыш байқау бұдан бұрын тамыз айының 24-і күні жарияланған болатын. Конкурсқа қатысушылардың өтініштері қазанның 10-ы күні аяқталды. Жалпы, байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез келген азаматтың қатысуға мүмкіндігі болды. Ал үздік шығармаларды таңдау осы айдың 10-14-і аралығында жүргізілді.

Байқаудың әділқазылар алқасы елімізге танымал 8 әнші-композиторлардан құралды. Ал қазылар алқасын «7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ президенті Анатөлі Құлназаров басқарған болатын.