Ертең Алматы қаласы мен облысы бойынша жаңа Tele2 байланыс операторы іске қосылады
АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Tele2 байланыс операторы ертең Алматы қаласы мен облысы бойынша өз байланыстарын іске қосатындықтарын мәлім етті.
Tele2 Қазақстанның ұялы байланыс нарығына 2010 жылдың наурыз айынан бастап келген. 2011 жылдың сәуір айында бұл байланыс алғаш рет Ақтөбе қаласында іске қосылса, кейінірек Батыс Қазақстан облысында жұмыс істей бастады.
Tele2 - бұл еурпалық байланыс операторы. Қазіргі таңда ол әлемнің 11 елінде 31 миллионнан астам абонентке ұялы және тұрақтандырылған телефонның, кең жолақты интернетке қол жетімділігін, сымды телевизияның қызмет түрлерін ұсынуда.
«Tele2 Қазақстан» Басқарма төрағасы Андрей Смелков Tele2-нің басымдықтары, оның бағасының төмендігі мен сапасының жоғарылығын және 3G секілді жедел интернет пен қосымша мүмкіндіктерін алға тартады. «Қазақстан абоненттері ұялы телефонмен айына 120 минуттай сөйлеседі екен. Бұл Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға қарағанда төмен. Бұл байланыс түрінің қымбат екендігін және елде бәсекелестіктің жоқтығын көрсетеді. Осы мәлені шешуде біз бір қатар істер атқарып, өз байланысымызды төмендеттік», -дейді А.Смелков.
Қазіргі уақытта Tele2 екі тарифті байланыс түрін ұсынуда. «Барлығына қоңырау шал» деп аталатын тарифте Алматы мен Алматы облысының абоненттері барлық байланыс операторлары мен қалалық телефонға минутына 8 теңгемен қоңырау шалып смс жібере алады. Ал, «әулет кланы» тарифіне қосылғандар желі ішінде минутына 3 теңгемен сөйлеседі, басқа операторға қоңырау шалу құны 20 теңге.
А.Смелков баға құнын минутына 5 теңгеге дейін төмен жасай алатындықтарын да айтуда. «Біздің бұл қадамымыз басқа да байланыс операторларының баға құнын төмендетуіне мәжбүрлейді, -дейді ол.
Ертең Алматының әр ауданында аталған байланыс операторының 5 фирмалық салоны ашылады. Сонымен қатар қаладағы «Астана» алаңында, «Максима», «Променад», «Сити Плюс» сауда орталықтары мен «Атакент» көрме орталығы маңында Tele2 қосылуға болады.
Tele2 ертең Алматы мен Алматы облысы бойынша қосылса, бір аптадан кейін маусымның 4 күні елордамыз Астана мен Ақмола облысы бойынша іске қосылады.
Жалпы Қазақстан халқы айына 150 мың доллардай қаржыны ұялы байланысқа жұмсайды екен.