Ертең Алматыда Д. Қонаевтың 100 жылдығына орай «Заманымыздың Заңғар ұлы» деп аталатын еске алу кеші өтеді

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 15-ақпанда белгілі  мемлекет және  қоғам   қайраткері  Д.А.Қонаевтың  100 жылдығына  орай  «Заманымыздың Заңғар ұлы» деп аталатын еске алу кеші өтеді.

Ертең Алматыда  Д. Қонаевтың  100 жылдығына  орай  «Заманымыздың Заңғар ұлы» деп аталатын еске алу кеші өтеді

Оны А.П.Чехов  атындағы  орталық  қалалық  кітапхана ұйымдастырып отыр. Бұл шараға Қонаев қорының директоры Ж.Асанбаева, Қонаев мұражайының директоры Б.Батталханов,  М.Әуезов мұражайының директоры Д.Қонаев, «Алматыкітап» баспасының  вице-президенті Б.Баратқызы, ақындардан М. Шаханов пен  Р.Ниязбеков қонақ ретінде шақырылып отыр.

«Кештің мақсаты - қазақ халқының  ұлы  перзенті  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевтың  өмір  жолы,  туып-өскен, білім  алған, қызмет  еткен жерлері  туралы   жастарға мағлұмат  беру. Оларды тұлғаның  өмір  жолынан  үлгі  ала  отырып  Отанын, халықты  сүюге, азаматтыққа,  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу. Шара барысында Дінмұхамед Ахметұлының  тұтынған  заттары,  кілемше-суреті, еңбектері, естеліктер, фото-альбомдар көрсетіледі»,- дейді А.П.Чехов  атындағы  орталық  қалалық  кітапхананың оқу залының меңгерушісі Ләйла  Сәбитқызы.