Ертең Алматыда қатты жел тұруы ықтимал

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуі негізінде ертең Алматыда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
None

Ведомство тұрғындарды жел соққан кезде көпір, қойма, ағаштардан алшақ болуға шақырады.

«Адамға бұтақ, шифер бөліктері, жол белгісі құлауы мүмкін. Қирауы ықтимал ғимараттардан, қалқан, павильондардан, шамдардан алыстау тұрған дұрыс. Мүмкіндік болса жерасты өткелі, метро станциясы немесе берік ғимараттарда уақытша жасырынуға болады», - деп ескертті ТЖД-дан.

Айта кетейік, синоптиктер 7 сәуірде Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін деп болжам жасады.


Соңғы жаңалықтар