Ертең Алматыдағы халықаралық трамплин кешенінен 7-Қысқы Азиада ойындарының алау эстафетасы бастау алады
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең сағат 14:00-де Алматыдағы халықаралық трамплин кешенінен 7- Қысқы Азиада ойындарының алау эстафетасы бастау алады.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, оңтүстіктегі басты шаһар көшелерімен алау алып өтетін 80 алаугердің қатарында Гуанчжоудағы XVI жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері,боксшы Саида Хасенова, федерация президенті Тимур Құлыбаев, сондай-ақ осы федерацияның атқарушы директоры Данияр Әбілғазин бар.
13 қаңтар күні алау эстафетасын Тараз қаласы қабылдайды.