Ертең Алматының Алмалы ауданында су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ертең Алмалы ауданында бір күн суық су болмайды. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кәсіпорынның мәліметінше, сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты бірқатар тұрғын үй мен ғимараттар суық судан ажыратылады.

«8 маусым күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Тілендиев – Райымбек – Розыбақиев – Дүйсенов көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

«Алматы су» мекемесі уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.


Соңғы жаңалықтар