Ертең Алматының бірқатар көшелерінде суық су беру тоқтатылады
АЛМАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы су холдингі қала тұрғындарына су құбырларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты ертең қаладағы бірнеше көше бойындағы үйлерде уақытша суық су беруді тоқтатындығын хабарлады.
Аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай ертең сағат 09:00 мен 17:00 аралығында Тимирязов - Жандарбеков- Жандосов- Жароков көшелері бойы мен Әуезов - Бұхар Жырау- Мыңбаев-6 линия және Абай-Жамбыл-Клочков-Манас көшелері бойындағы үйлерде суық су тоқтатылады.
Алматы су холдингі орын алған уақытша келеңсіздіктерге орай қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.