Ертең Алматының бірқатар көшелеріне суық су беру тоқтатылады

АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қаладағы су құбырларына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты 18-ші тамыз күні сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін бірқатар көшелер бойындағы үйлерде суық су беру тоқтатылады.

Ертең Алматының бірқатар көшелеріне суық су беру тоқтатылады

Анығырақ айтқанда Құрманғазы - Мұратбаев- Қарасай батыр- Масанчи, Масанчи-Қабанбай батыр-Сейфуллин-Құрманғазы, Шевченко-Чайковский- Құрманғазы-Сейфуллин және Жамбыл-Мұратбаев-Құрманғазы-Байзақов көшелері бойынша суық су тоқтатылмақ.