Ертең Алматының бірнеше көшелерінде суық су болмайды

АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы су холдингі су құбырларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты ертең қаладағы бірнеше көше бойындағы үйлерге суық су беруді уақытша тоқтатындығын хабарлайды.

Ертең Алматының бірнеше көшелерінде суық су болмайды

Аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай таңғы сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін қала маңындағы Юбилейный ауылының Қайсенов пен Оңдасынов көшелерінде, Горной мен Тәттімбет көшелері бойында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суық су тоқтайды.

Сонымен қатар таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін Шашкин көшесі бойындағы №1-15 үйлерде, №12 қалалық емханада, Герцен, Вильямс, Ш. Руставели, Ярославск, Парковая, Кожедуб көшелері бойында суық су уақытша тоқтатылады.

Алматы су холдингі уақытша орын алған келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.