16:40, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ертең - Ашура күні
АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ертең, желтоқсанның 27-сі - Ашура күні. Мұсылман кінтізбесі бойынша 1429 хижра жылының 10-шы мұхаррамы - Ашура күні - Алланың Пайғамбарлары мен Елшілерін еске түсіру күні болып табылады.

Ашура - «ашара» сөзінен шыққан, мағынасы - «он» дегенді білдіреді. Бұл күні Мұхаммед пайғамбар адамдарды ізгілікке шақырып, оның шапағатты Ұлы күн екенін айтқан. Ашура күні тұтылған ораза адамды өткен және алдағы күнәларынан тазартады деп саналған. Ал бұл күні сырқаттың халін барып сұрау - Адам атаның барлық балаларын аралағанмен бірдей болады екен. Бұл күні сусағанға су берген адам - күнәсіз, пәк адам саналады, бұл күні толық жуынып, дәрет алған адам - көптеген ауру-сырқаулардан, азап-тозақтардан қорғалады.