Ертең әскери парадтың бас дайындығы өтеді - Астана

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Ертең, тамыздың 25-і күні елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда ҚР Конституциясының мерейтойына арналған әскери парадтың бас дайындығы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ертең   әскери   парадтың бас дайындығы  өтеді - Астана

Салтанатты дайындыққа Қазақстанның Құрғақтағы әскерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-Теңіз күштерінің өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Республикалық ұланның бөлімшелері қатысады.