Ертең Астана қаласының әкімі қатысуымен веложорық өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең сағат 9.00 Астанада қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың және «Тур де Франс-2014» жеңімпазы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалидің қатысуымен Конституция күніне және қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына арналған мерекелік веложорық өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
None
None

Сонымен қатар, шараға отандық велокоманда мүшелері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинскийдің және Дмитрий Груздев, сондай-ақ, бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та қатысады.

Маршрут «Салтанат Сарайынан» басталып, «Астана Арена» стадионына дейін жалғасады. Ұзындығы - 4600 м. Веложорыққа кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады. Тіркеу жарысқа дейін 1 сағат бұрын жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар