Ертең Астанада бірқатар көшелер жабылып, автобустардың бағдары өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 21 мамырда елордада бірқатар көшелер жабылып, автобустардың бағыты өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ертең Астанада бірқатар көшелер жабылып, автобустардың бағдары өзгереді

«City Transportation Systems» ЖШС мұның себебін Astana Half 2023 жартылай марафоны өтетінімен түсіндірді.

«Осыған байланысты, іс-шара кезінде № 3, 4, 4А, 10, 12, 14, 15, 15А, 18, 21, 26, 32, 35, 37, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 53, 54, 60, 302, 303, 308, 309, 314, 320, 323 қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалыс сызбасында уақытша өзгерістер болады.

Өз сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз!» - деп жазды ведомство.