10:26, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Ертең Астанада ел тарихында екінші рет допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 20 ақпанда Астанада Қажымұқан мұңайтпасов атындағы орталық стадионда допты хокккейден (бенди) ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Ұлттық штаттық компандалалр және спортшылар резерві дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа тарихымызда екінші рет бой көтеріп отырған дүбірлі жарысқа еліміздің 4 командасы қатысады. Олар: Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Астана қаласының допты хоккейшілері. Жарыс 20 ақпаннан бастап күнде сағат 10:00-де басталады. Салтанатты ашылуы 22 ақпанда саған 16:00 өтеді.
Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстанның допты хоккей (бенди) федерациясы.