18:52, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Ертең Астанада Елбасына арналған жаңа кітаптардың таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Ертең Астанада, Министрліктер үйінің конференц-залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітаптардың таныстырылымы өтеді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиналған қауымға және журналистерге «Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Кемеңгер», «Қазақстанның қазіргі тарихы» кітаптары таныстырылады.
Бұл шараға ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысады.