Ертең Астанада халықтық серуен өтеді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Кәсіподақ қызметкерінің күнін мерекелеуге орай халықтық серуен өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Кәсіподақтар федерациясынан хабарлады.
None
None
Іс-шара аясында, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әртістер өз өнерлерін ортаға салады, лотерея билеттері ойнатылады. Бұдан басқа, кәсіподақ қызметіндегі белсенді делегаттар үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Атамекен» ұлттық экономикалық палата басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Кәсіподақтар күнін мерекелеуге республикамыздың барлық аймақтарынан келген облыстық және салалық кәсіподақтардың өкілдері - делегаттар қатысады. Бұл атаулы күнді ауқымды мерекелеудің мақсаты - Кәсіподақтар федерациясы қызметінің жаңа форматта жүзеге асырылатынын мәлім ету. Алдағы уақытта Федерация қызметінде бірқатар өзгерістер орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда республикалық деңгейде 26 салалық және аймақтарда 14 облыстық кәсіподақ жұмыс істейді. Кәсіподақтар федерациясына 2,1 млн жуық адам енген. Соның ішінде 1,1 млн білім және медицина саласында қызмет етсе, 5 мыңы студенттер мен зейнеткерлер. Кәсіподақтардың қалған мүшелері экономика секторының қызметкерлері. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, жалдамалы жұмыскерлердің саны 5,8 млн адамды құрайды. Соның ішінде 30% кәсіподақтар құрамына кірген. Еске салайық, 10 қазан - Кәсіподақ қызметкерінің күні.
Соңғы жаңалықтар