Ертең Астанада ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Қазақстандық Ұлттық ғарыш орталығының іргетасы қаланады

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең Астанада Қазақстан Ұлттық ғарыш орталығының іргетасы қаланады. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстандық-француздық технологиялар трансферті орталығының салтанатты ашылуы барысында журналистерге берген сұхбатында Францияның сыртқы сауда бойынша Мемлекеттік хатшысы Анна-Мари Идрак мәлім етті.
None
None

«Ертең біз ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен бірге ғарыштық материалдар шығаратын зауыттың алғашқы кірпішін қалайтын боламыз. Бұл AEDS (Авиағарыштық өнеркәсіп бойынша ең ірі еуропалық корпорация) тобының филиалы болып табылатын «Astrium» кәсіпорнының өндірістік орны болмақ. Енді еуропалық ғарыштық құрылғылар Қазақстанда шығарылады», - деп атап өтті А.Идрак.

А.Идрактың айтуынша, зауыттың құрылысы Қазақстан мен Францияның бірлескен жобасы.

Айта кетейік, Ұлттық ғарыш орталығының базасында ең бірінші - ғарыштық аппараттарды құрастырып, оларға сынама жүргізетін кешен салу жоспарлануда. Кешен Қазақстандағы посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ алғашқы нысан болады.

Соңғы жаңалықтар